Алопеция (таздану)

Алопеция (таздану) – шаштың дерттеніп, түсуі, бұл адам үшін күрделі психологиялық мәселе. Шаш әрдайым өмірлік күш пен қуаттың символы саналады.

Алопеция   термині тазданудың барлық түріне қолданылады:

  • ошақты алопеция (ұялы алопеция / таздану)
  • босанудан кейін шаш түсуі
  • механикалық зақымданудан шаштың сиреуі (шашты әсемдеудің кейбір түрі, химиялық бұйралау, жиі бояу)
  • симптоматикалық таздану
  • әйелдердің таздануы, ерлердің таздануы, т.б.

Алопецияны екі үлкен топқа бөлуге болады:

  • тыртықтық (тыртық түзілуімен өтеді, шаш баданасының семуі)
  • тыртықтық емес (диффуздық, ошақтық, андрогендік).

Ошақты  алопецияда шаш белгілі бір жерлерде түседі, таздану ошақтары біліне бастайды.

Диффуздық алопецияда шаш бастың бүкіл жерінде түседі.

Сонымен қатар, алопеция себореялық және андрогендік болады.

Себореялық түрі тері майының артық мөлшерде бөлінуі кезінде пайда болады, ал андрогендік – гормондық бұзылыстардан болады, көбінесе, тұқым қуалайды.

Андрогендік алопецияны «ерлерге» тән санайды, себебі, бұл сырқаттың себебі – ерлердің  гормондарының шаш фоликулына әрекет етуі. Ерлердің үштен бірі андрогендік алопецияға шалдығады, бұл генетикалық бейімділігі бар адамдар. Кейде «ерлердің» алопециясына әйелдер де шалығуы мүмкін. 

Трихограмма – микроскопиялық тексеру әдісі, ол шаштың және шаштың өсу фазасының қатынасын анықтайды. Трихограмма нәтижесі алопецияның түрін анықтауға және тиімді емдеуді тағайындауға мүмкіндік береді.

Алопецияның барлық түрлері емделеді. Бастысы, маманға уақытылы көріну қажет.

Шаштың және шаш түбі терісінің мәселелері (әйел | ер)

Сайтқа кіру