Аяқтағы ауырсыну және құрысу

·         перифериялық тамырлардың ауруы. Симптомдары: аяқтағы немесе аяқтың ұшындағы құрыспалы ауру, белсенді қозғалуда пайда болады және демалғанда басылады.

·         Инфекция, ауырсынумен, ісінумен, қызарумен, немесе зақымданған тұстың жергілікті температурасының артуымен сипатталады. 

·         Тенденит немесе бурсит, біркелкі қимылды қайталаудан пайда болады.

·         Аяқтың терең көктамырының тромбы ауырсыну симптомдарын туындатады. Бұл симптомдар медициналық араласуды қажет етеді, себебі, тромб жұлынып, өкпеге қарай бағытталуы мүмкін, өкпе тамырларының эмболиясы, пайда болуы мүмкін, ол кенеттен ентігумен және қан түкірумен сипатталады. Өкпеге тромбы түсуі өлімге апаруы ықтимал.

·         Бұлшық ет түйілуі (”құрысу” немесе ”жіті кенеттен ауырсыну ”) – бұлшық еттің күшті, ауырсынатын қысылуы немесе жиырылуы, кенеттен пайда болып, бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылады.

·         Бұлшық еттің ауырсынуы, күшті түйілу басылғаннан кейін бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. 

Сайтқа кіру