Бурсит(каз)

Бурсит дегеніміз не ?

  • дегеніміз-іші сұйықтыққа толы буын қалталарының қабынуы,олар көбінесе аяқ-қол буындарында кездеседі,негізгі қызметтері осы сүйектердің бір-біріне жанасқанда желінбеуін қамтамасыз етеді және амортизаторлық қызметін атқарады.Буын қалталары дененің көптеген жерлерінде,буындардың ішінде және жанында,сонымен қоса үйкеліс және қысым болатын жерлерде кездеседі.Кейбір бурситтердің арнай атаулары бар мысалы: «үй шаруасындағы әйелдің тізесі», «солдат аяғы», және «теннисшінің шынтағы».
  • Травматикалық бурсит- буынға тікелей соққы нәтижесінде дамыған синовиальды қаптың ішіне қан кету
  • Септикалық бурсит-синовиальды қаптың инфекциялық қабынуы,кейде травматикалық бурситтен кейін дамиды.Септикалық бурсит кезінде дәрігердің көмегі міндетті түрде керек,ол хирургиялық ем немесе науқасты бөлімшеге жатқызу арқылы антибактериальды емді тағайындайды.
  • Бурсит инфекцияның немесе жүйелік аурулардың мысалы(мысалы артрит),жарақаттар,сонымен қоса синовиальды қапқа күнделікті түсетін қысым мен қимылдың нәтижесінде және буындардың әрқашан тез қимылдауынан болады.

Симптомдары:

  • Зақымдалған буын қалтасының қимылдағанда,қысым түскенде ауру сезімі
  • Буын қалтасының ішіне артық сұйықтық жиналуынан ісіну
  • Зақымдалған буын маңында температураның болуы,қызару

Емі:

Әдетте бурсит үй жағдайында қимылды шектеу арқылы,ауру сезімін басатын және қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау арқылы басылады .Егер өзгеріске ұшыраған аймақ қызарып,температурасы көтеріліп тұрса онда инфекцияның барын көрсетеді,ондай кезде міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

 

Аударған: Мелис Айбек

Теги: 

Бурсит

Синовиальды қабықтың қабынуы

Травматикалық бурсит

Септикалық бурсит

Сайтқа кіру